$ 541.18  636.05  6.52

«Сүйдім, күйдім» деген неке ме?»: Қарақат Әбілдина елімізде ажырасудың көбейгенін айтып дабыл қақты

"Бұл – ұлт үшін ауыр жағдай".

Фото: Instagram/karakat.a
Фото: Instagram/karakat.a

Tанымал әнші Қарақат Әбілдина қазіргі қоғамда жиілеп кеткен ажырасу мәселесін сөз етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, жас жұбайлардың некеден кейін көп ұзамай екіге айырылып кетуі ұлттық трагедияға айналып барады.

«Бірге қол ұстасып талай сынақтан сүрінбей өткен, сезімін жоғалтпай, жылдар бойы сыйластықта өмір сүріп келе жатқан отбасылар бар. Олар – өзгелерге үлгі. Бірақ соңғы уақытта “сүйдім-күйдім” деп қосылған жастардың араға бір жыл салмай-ақ ажырасып жатқаны жиілеп кетті. Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемнің алғашқы үштігіне кіріпті. Бұл – ұлт үшін ауыр жағдай. “Үйлену оңай, үй болу қиын” деген бекер айтылмаған. Отбасын сақтау үшін шыдам, түсіністік, кешірім мен мейірім керек. Шын махаббат уақытпен сыналады. Бірге өмірдің ыстығы мен суығын көрген, бір-бірін қолдаған жандар ғана оны сақтап қала алады. Қандай отбасында да дау-дамай болады. Бірақ нағыз сүйіспеншілік қиындыққа мойымай, отбасы үшін күреседі», – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары