16.09.2025, 06:30

«Kazakhstan» деп мақтанышпен айтамыз»: Ерке Есмахан мен Райм Италиядағы демалыстарын көрсетті

Фото: Instagram/erke.esmahan

Әнші Райммен бірге Италиядағы сапарынан суреттер мен видеолар жариялады.

Танымал әнші Ерке Есмахан отбасылық демалысынан үзінді көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жары, әнші Райммен бірге Италиядағы сапарынан суреттер мен видеолар жариялады.

«Italy. Como. 2025. Ауылда да, қалада да, тіпті “Галактикада” жүрсек те өзімізді жоғалтпауға тырысамыз. Сұлулық пен білімді, көрегенділікті, қазақилықты сақтай отырып, заманауилықты ұмытпау маңызды екенін түсінеміз. “Where are you from?” деген сұраққа әрқашан мақтанышпен “Kazakhstan” деп жауап беру үшін», – деп жазды Ерке Есмахан.

Әншінің бұл жазбасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Желі қолданушылары: «Махаббаттарыңыз мәңгі болсын!», «Керемет жұп екенсіздер», «Бақытты болыңыздар» деген жылы лебіздерін қалдырды.