16.09.2025, 02:30

«5 жас үлкен»: Әнші Кеңес Әлімжан шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Өнер иесі Зарина есімді аруды өмірлік серігі етіп таңдаған.

Танымал хит әндердің орындаушысы, “Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?”, “Бозторғай ана” әндерінің авторы Кеңес Әлімжан шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің қыз ұзату сәтінен түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Өнер иесі Зарина есімді аруды өмірлік серігі етіп таңдаған.

Желі қолданушыларының айтуынша, қалыңдық әншіден бес жас кіші көрінеді.

“Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Суан елінен Зарина атты қызымызды алып жатыр. Жастардың бақыты баянды болсын! Үйлену тойы 16 қыркүйекке жоспарланған”, – деп жазды көпшілік.

Сондай-ақ пікірлерде:

“Басыңды төрге сүйрейтін жар болсын!”, “Қашан үйленер екен деп жүр едік, құтты болсын!”, “Жол апатына түсті деп естіп едік, аман екеніне қуаныштымыз”, “Келіншегі өте әдемі екен”, “Даусы ерекше әнші”, “Қызымыздың жасы 26-да, күйеуінен бес жас кіші” деген тілектер айтылды.