$ 538.54  628.31  6.7

«Құттықтап қойсаңыздар болады»: Жахан Отарғалиев елден сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Сонымен қатар ол өз өмірін мысалға алып, ешқашан үміт үзбеуге шақырды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Белгілі әзілкеш әрі вайнер Жахан Отарғалиев әлемдік кинотуындыда басты рөлді сомдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Instagram парақшасында ол өзіне сенбегендер көп болғанын атап өтті:
– «Ей, сен тамада емессің бе? Сен актер бола алмайсың» дегендер болды. Бірақ осы уақытқа дейін 10 киноға түсіп, соның үшеуін өзім түсірдім», – деді ол.

Отарғалиев оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті:
– «Мен әлемдік киноның басты рөліне өттім. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деп жазды әзілкеш.

Сонымен қатар ол өз өмірін мысалға алып, ешқашан үміт үзбеуге шақырды:
– «Сол себептен дәл қазір сізге біреу сенбей жатса, ол ештеңені білдірмейді. Ең бастысы – үміт үзбеңіздер», – деп түйіндеді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары