22.08.2025, 11:40

«Бала болса сендей болсын»: Әнші Бүркіттің ата-анасына деген қарым-қатынасы көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Әдемі киімдерді алып түнгі клубқа барамыз.

Эстрада жұлдызы Бүркіт соңғы кезде тек әнімен емес, адамгершілік әрекетімен де елдің ықыласына бөленіп жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде әке-шешесін қыдыртып, дүкен аралатып, қалаған заттарын алып беріп жүрген видеосы тарады.

"Осы кісілер аман болсын!", деп жазды өнер иесі.

Көпшілік әншінің ата-анасымен қарым-қатынасына сүйсініп, жылы тілектерін жаудырды.

«Жақсыдан шарапат» деген осы шығар — Бүркіттің бұл әрекеті елдің жүрегін жылытты. Бірі: «Әке-шешеңді қуантсаң, Алла сені қуантады», – десе, енді бірі: «Сөмке мен шалбар таңдаған анасы, баласынан бақытты», – деп пікір жазып жатыр.