$ 540  630.72  6.72

«Машина былай тұрсын, самолет мінемін»: Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға шүйлікті

Көпшілік блогерді елден жиналған ақшаға шалқып өмір сүріп жүр деп топшылаған. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Мұқтаж адамдарға баспана алып беремін деп басы дауға қалған Ырысбала Икрамбай тағы да желіні шулатты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Волонтер Перизат Қайрат ұсталғаннан кейін желі қолданушылары халықтан ақша жинап мұқтаждарға үй алып берумен айналысқан Ырысбала Икрамбайды тексеру керегін жазған еді. Көпшілік блогерді елден жиналған ақшаға шалқып өмір сүріп жүр деп топшылаған. 

"Мына қаралым санын қараңыздар. Каспи дүкенінде тауар сатқаныма 4 күн ғана болды. "Үздік сатушы" статусын алып беріп отырсыздар", - деді ол инстаграмдағы статистикасын көрсетіп. 

Осыдан кейін халықтың арқасында ұшақ міну жоспарында барын айта кетті. 

"Ырысбала халықтың арқасында байып, семіріп алды дейтіндер іштерің күйсе тұз жалаңдар. Машина мінген былай тұрсын халықтың арқасында самолет мінемін", - деп әзілдеді блогер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары