"Соңғы уақытта контенті тым сахналық болып кетті".
Әлеуметтік желі қолданушысы соңғы уақытта белгілі блогер Фаризаның контенті тым “сахналық” болып кеткенін айтып, оны шынайылықтан алыстап кетті деп сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Фаризаға хейтер емеспін. Бірақ соңғы уақытта контенті тым сахналық болып кетті. Шынайылық жоқ сияқты. Сол себепті – отписка”, – деп жазды ол.
Автордың пікірінше, кей сәттерде блогердің видеолары Баян Мақсатқызының “Түпсана” немесе “Жасыл нәски” фильмдеріндегідей әсер қалдырады.
“Халықты оятамыз” деп, шын мәнінде, миға түрлі боялған идеяларды құятындар көп. Бұл тек Фариза емес, одан да мықты маркетингпен “сататындар” баршылық”, – деді ол.
Пікір иесі Перизат оқиғасынан кейін көпшілік аздап ойлануға бастағанына сенетінін де айтты.
Сондай-ақ, Threads әлеуметтік желісінде оқырмандар Фариза Төреәлінің жасанды істерін әшкерелеп, сыни пікірлерді жаудыруда. Айтуларынша, блогер Америкаға оқуға аттанғанымен, диплом алмаған. Өзі түскен университеттің кампусы, бірге оқитын студенттер де парақшасынан табылған жоқ. Енді бір пікірлерде күйеуі Дархан Нортаев "альфонс", "бай әйелінің бар айтқанын жасайды" деп жазған.