12.08.2025, 16:20

«Байға тигісі келіп жүр»: Кіндігін көрсетіп билеген Қайрат Нұртастың қызы тағы да сынға қалды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

«Кіндігінде пирсинг не керек?».

Әлеуметтік желіде би билеп түскен видеосын жариялаған Қайрат Нұртастың қызы Алау тағы да көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жастар арасындағы трендке сай билеген Алаудың кіндік тұсындағы пирсингі мен киім стилі желі қолданушыларының бір бөлігінің көңілінен шықпады. Ол кіндігін тесіп пирсинг тағып, кіндігін көрсетіп билеген.

«Кіндігінде пирсинг не керек?», «Тілін шығарып, көзін қыса бергені ұнамайды», «Тұрмысқа шығып кетпей ме?» деген секілді пікірлер қалдырған.

Нәтижесінде, Алаудың бұл образы желіде қызу талқыға түсті.