$ 541.82  627.1  6.78

«Қазақи романтика»: Димаш Құдайбергеннің қарындасы махаббат хикаялары қалай басталғанын көрсетті (ВИДЕО)

Раушан да, видео да – көздің жауын алады.

Фото: instagram.com/raushankudaibergen
Фото: instagram.com/raushankudaibergen

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның той алдындағы Love Story видеосы желіні жаулап алды. Қазақы стильде түсірілген бейнебаян ұлттық нақыш пен заманауи романтиканы шебер ұштастырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Киіз үй, домбыра, ұлттық киім мен салт-дәстүр элементтері — бәрі үйлесімді әрі әсерлі. Әлеуметтік желі қолданушылары:
— “Нағыз қазақтың қызына лайық көрініс!”,
— “Мұндай қазақи романтика бұрын-соңды болмаған”,
— “Раушан да, видео да – көздің жауын алады”, – деп тамсанып жатыр.

Бұл Love Story — жай ғана махаббат тарихы емес, ұлттық болмысты дәріптеген өнер туындысы іспетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары