05.08.2025, 04:30

«Мен сол ұрпақтанмын»: Балжан Бидаш Шыңғыс ханмен туыс екенін айтып, мақтанды

Фото: bidashkaa

Қоңыраттарды ренжітпеңдер!

Белгілі әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде өзінің руымен мақтанып, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Моңғолия сапарынан алған әсерім ерекше. Шыңғыс ханның ескерткішіне бара жатқан жолда бір топ әскерилерді көріп ерекше әсерде қалдым, құдды бір баяғы заманға түсіп кеткендей сезімде жүрмін. Ертеде шынымен осылай жүрді ғой. Шыңғыс ханның анасы Қоңыраттың қызы. Мен де сол ұрпақтанмын. Сол себепті қоңыраттарды ренжітпеңдер.

Шыңғыс ханның алтын жалатылған хан мүсініне құрмет ретінде алдымен кіріп, алдымен шығасың. Бұл мүсінде бір мыс бар, көз алмай қарап, оның тарихтағы күшін ескеріп отыра бересің", - деп жазды өнер иесі.