03.08.2025, 04:30

«Бір гәп бар»: Ләйлә Сұлтанқызы Дженнифер Лопес туралы

Коллаж: sn.kz

"60-қа келген адам тоқтамастан билеп, ән айтуы мүмкін емес деп ойлаймын".

Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертіне қатысқан танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өз әсерімен бөлісті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Шоу аяқталған соң, тележүргізуші құрбысымен бірге әлемдік жұлдыздың сахнадағы энергетикасын талқылаған.

«Мама, талқылап келе жатырмыз. 56 жастағы Дженнифер қалай шаршамайды, не деген би, не деген энергетика, не деген киім ауыстыру, неге оның беті салбырамайды?! Бір гәп бар. 60-қа келген адам тоқтамастан билеп, ән айтуы мүмкін емес деп ойлаймын. Фонограмма қосылған ба? Бір ырсылдамайды», - деп Ләйлә Сұлтанқызы құрбысымен бірге ойын жеткізді.