01.08.2025, 18:40

«Алақанымда өскен құлыншағым»: Димаштың әжесі немересінің құдалығында көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Екі жастың қуанышына орай Айтбаевтар әулетінде тойдың басы құдалық өтті.

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатылып, тұрмыс құрғалы жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі жастың қуанышына орай Айтбаевтар әулетінде тойдың басы құдалық өтті. Құдалықты сөз сөйлеген Қанат Айтбаевтың анасы көптің жүрегін елжіретті. 

"Дүниеге келген күнінен бастап алақаныма салып баққан құлыншағым 24 жасқа келіп өз теңін шауып, өз шаңырағының отын тұтатып, бақытқа қадам басып отыр. Ермахан екеуі тек бақытты болсын", - деді Димаштың әжесі толқынысын жасыра алмай. 

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, ақжарма сөздерін арнады.