01.08.2025, 04:30

«Әкесінің қойнында жатқандай болатын шығар»: Тұрсынбек Қабатов екінші әйеліне үйленіп алған ба? (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

«Бұл қыздың сұлулығы не керек, бес баласы тұрғанда».

TikTok желісінде “Aliya” есімді аккаунттан жарияланған видео ел назарын өзіне аударды. Видеодағы қыздың «#рек #ғашықбол» хэштегімен бөліскен бейнесін желі қолданушылары танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі деді. Дегенмен, бұл аккаунттың рас немесе фейк екені белгісіз, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Видеоға 2000-нан астам адам лүпіл басып, 240-тан аса желі қолданушысы пікір қалдырған. Пікірлер қоғамдағы әртүрлі көзқарасты ашық көрсетеді. Қолдау білдірген пікірлер: «Сүйкімді несі бар, не болса да бақытты болсын»;  «Сенде бақытты болуға лайықсың, Тұрсынбек бәріне жетеді»;  «Бақытты болыңыздар, егер ол таңдаса, демек сіз лайықтысыз»; «Мөлдір де әдемі, қыздай, жас қосылған, бес перзенті бар. Сен…».  Сын айтқандар: «Мөлдір табиғи сұлу ғой»;  «Мөлдір ханымға жету қайда саған»;  «Бұл қыздың сұлулығы не керек, бес баласы тұрғанда»; «Бұл емес екінші қатыны, жай актриса жалдаған ғой»;  «Тұрсынбек нормальный квартира жалдап бермеген екен да»; «Айуан ғой бұл қыз, әкесінің қойнында жатқандай болатын шығар». Салыстырулар мен қарама-қайшы пікірлер көп: Бірі «Тұрсынбек Мөлдірді ауыстырмайды» десе, енді бірі «ол да сүйген, енді орта жасқа келгенде керек емес деу дұрыс емес» дейді. Қоғамдық пікір екіге жарылған: бірі әйелді қолдап, бақыт тілесе, бірі Мөлдірмен салыстырып, сынап жатыр.