31.07.2025, 06:30

«Алтындарым»: Димаштың қарындасы мен күйеубаласы әсерлі суреттерімен көзге түсті

Фото: instagram.com/raushan_kudaibergen

Олардың қуанышты сәтіне Димаш Құдайберген де тілегін арнады.

Атақты әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген болашақ күйеуі Ермахан Аймаханмен бірге түсірілген фотосессия кадрларын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жастар жаздың басында Алматы облысының көрікті жерлерін аралап, табиғат аясында фотосессияға түсетіндерін алдын ала хабарлаған болатын. Жақында Раушан сол сәттердің суреттері мен видеоларын бөлісіп, көпшілікпен қуанышын бөлісті.

Олардың қуанышты сәтіне Димаш Құдайберген де тілегін арнап, жас жұбайларға жылы лебізін білдірді:

«Бақытты болыңдар, алтындарым!» – деп жазды әнші.