29.07.2025, 18:00

«Стилің сығандарша»: Мадина Сәдуақасованың күйеуі жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Жақсы сөздер айтып, көңілін көтерсе болады ғой.

Әнші Мадина Сәдуақасова шетелде түсірілген видеосын жариялап, тыңдармандарын ерекше образымен таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда желі қолданушыларының назарын оның киім үлгісі емес, жолдасының бейқам әзілі аударды. Кадр сыртынан жұбайы әзілмен «Цыганский стиль» деп атап, көпшіліктің көңілін көтерді. Видео астында оқырмандар жұптың арасындағы еркін диалог пен әзілді жоғары бағалап, жылы пікір қалдыруда.