$ 542.03  627.29  6.66

«Шөпшектің қолынан май жалағым келеді»: Ләйлә Сұлтанқызы ұзақ өмір сүрудің сырымен бөлісті

Медиасаласының маманы күн сайын дағдыға айналдыру қажет 15 пайдалы әрекетпен бөлісті.

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы ұзақ өмір сүрудің сырын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Медиасаласының маманы күн сайын дағдыға айналдыру қажет 15 пайдалы әрекетпен бөлісті.

«Шөпшегімнің қолынан май жесем екен деп армандаймын. Алла қаласа! Егер сіз де осы 15 әдетті күнделікті өміріңізге енгізсеңіз, геронтологтар айтуынша, 120 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік бар. Түртіп алыңыз, өзгелермен бөлісуді де ұмытпаңыз!» – деп оқырмандардың назарын аударды ол.

Журналистің айтуынша, ұзақ өмір сүру тек денсаулықты күту емес, жан тыныштығы мен өмір сапасына да тікелей байланысты.

«Мен үшін ең бастысы – денсаулық. Ұйқы тәртібін бұзбаймын. Қаржылық жағдайымды – табыс пен шығынды бақылауда ұстаймын. Бірақ бәрі тек ақшаға байланысты емес. Ішкі үйлесім мен қауіпсіздік те өте маңызды. Алкоголь мен темекіден түбегейлі бас тартқанмын – олардың зиянын бәріміз білеміз. Таңдау – әркімнің еркінде. Жарты жыл сайын толық медициналық тексерістен өтемін, қажет болған жағдайда дәрумендер қабылдаймын», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары