27.07.2025, 06:30

«Бұл – еркіндік»: Мөлдір Мұқанова қорқынышын жеңіп, еңіреп жылады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында видео жариялап, жеке тікұшаққа отырып алғаш рет өз қорқынышын жеңгенін айтып жылап қалды. 

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова оқырмандарын тағы да елең еткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында видео жариялап, жеке тікұшаққа отырып алғаш рет өз қорқынышын жеңгенін айтып жылап қалды. 

"Ұшақ көкке көтерілген сәтте — жүрегім дүрсілдеп, көзіме жас келді. Бұл — еркіндік. Бұл — өз қорқынышымды жеңіп, биіктерге бет алған сәт. Қыздар, бұл ғажап эмоция. Кім менімен бірге ұшқысы келеді?", - деп жазды ол.