24.07.2025, 22:30

«Өмірім өзгерді»: Ninety One тобының мүшесі сүйіктісін көрсетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін.

Ninety One тобының әншісі Азамат Ашымақын көпшілікке сүйіктісін таныстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Aсе лақап атымен танымал әнші өзінің Instagram парақшасында сүйіктісімен бірге түскен видеосын жариялап, қарым-қатынасын ресми түрде жариялады. 

“Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді. Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Бақытты болыңыздар. Танысып қойыңыздар, бұл – Нұрила", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары екі жастың өтетін үйлену тойын талқылап жатыр. 

“Азамат той жасамаймын деген”, “Бақытты болсын”, “Қандай керемет жаңалық”, “Бүгін біраз қыз жылап қалатын болды-ау”, “Беташар қашан болады екен”, – деп жазды көпшілік. 

Тегтер: отбасы Ninety Onе