23.07.2025, 16:20

«Ойбай, бұл кім?»: Стилін өзгерткен Айгерім Қалаубаеваны жұрт танымай қалды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/aikerim_kalaubaeva_official

Мүлде өзгеріп кетіпті.

Әлеуметтік желіде әнші, актриса Айгерім Қалаубаеваның жаңа видеосы тарап, жұрт оны бірден тани қоймады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпшілік оны бірден тани алмай, “Ойбай, бұл кім өзі?”, “Мүлде өзгеріп кетіпті” деп пікір жазуда. Кейбірі оның стиліндегі өзгерістерге тәнті болса, енді бірі табиғи сұлулығын жоғалтып алған деп қынжылды. Қалаубаеваның өзі бұл пікірлерге әзірге жауап берген жоқ.