11.07.2025, 18:20

«Бәрі жақсы болады»: Мәдина Сәдуақасова Тұрсынбектің әйеліне қолдау көрсетті

Фото: желіден алынды

Мөлдір Мұқанова Мадинаға сыйлық ретінде қасиетті қаладан орамал тарту етті. 

Танымал әнші Мәдина СәдуақасоваТұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Мөлдір Мұқанова екеуі жанұяларымен Түркістан қаласына зиярат етіп, тамашалауға барған.

«Жаным Мөлдір, бәрі жақсы болады. Қасиетті киелі жерге келіп тұрмыз. Бар тілектеріміз орындалсын», - деп жазды ол.

Айта кетейік, соңғы кездері ел арасында Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір Мұқанованың ара-қатынасына байланысты түрлі қауесеттер тараған болатын. Тіпті ажырасып, екінші әйел алғаны туралы да ақпараттар қызу талқылануда.

Сондай-ақ, Мөлдір Мұқанова Мадинаға сыйлық ретінде қасиетті қаладан орамал тарту етті.