Жазба мазмұнына сүйенсек, ол өзі туралы видео жүктеген "Экомед" клиникасының өкіліне ашулы сияқты.
Блогер Елдос "Колобок" желідегі парақшасында ашулы жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жазба мазмұнына сүйенсек, ол өзі туралы видео жүктеген "Экомед" клиникасының өкіліне ашулы сияқты.
“Жақсылық істесең де жақпайды екен. Үндемей отыр едік, болмайды екен. Ертең бәрін айтамыз. Ешкімнің көңіліне, беделіне қарамаймыз. Бізді емдеген дәрігерімізден кешірім сұраймыз, оларға реніш жоқ. Жұмыстан шығып кетіп, қай клиникаға барады, сол клиниканы жарнамалаймын! Себебі олар – өте мықты дәрігер”, деп жазды ол.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы өз еңбектерін жоққа шығармауды талап етті (ВИДЕО)
Елдос "Колобок" енді оны ешкім тоқтата алмайтынын да жаза кетті.
“Бүгінше жылап алайық, ертең діңк-діңк деп сөйлегеннің көкесін көрсетеміз. Ешкім звондап тоқтатпай-ақ қойсын, телефонды алмаймыз”, – деп сөзін түйіндеді ол.