$ 519.51  611.83  6.6

«Біз енді бала емеспіз»: Продюсер Жан Мұқанов Төреғали Төреәлі жайлы мәлімдеме жасады

"Мен енді ресми түрде Төреғалидің продюсерімін".

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Продюсер Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлі жайлы мәлімдеме жасады. Ол жаңа келісімшартқа қол қойып, Төреғалидың продюсері атанғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кейде бәрін басынан бастау үшін – жай ғана сену керек. Табысына емес, адамға сену. Бір кездері мен Төреғалидің продюсері болдым. Сол кезде жап-жас болатын.
Ол кезде Төреғалиге небәрі 22 жас еді. Қазір 32-де.

Өзі – алты баланың әкесі. Тұңғышы – Каусар есімді ақылды, салмақты, ерекше қыз. Қызынан көп нәрсе үйренді, көп нәрсе өзгерді. Ал менде – бұрынғыдай құрмет, сенім, жылулық қалды".
 

Жан Мұқанов енді әнші үшін толық жауапкершілік алғанын айтты. 

"Екеуміз де өмірден өз үлесімізді алдық. Жеңісте де, қателікте де бірге болдық. Бірақ адамға қайтадан сенуге, тағдырға жаңа мүмкіндік беруге – әрқашан болады. Бүгін біз алғаш рет ресми келісімшартқа қол қойдық. Қатаң. Ақиқатты. Жауапкершілігі бар. Өйткені біз енді бала емеспіз. Енді бәрі – үлкендердің ойыны.

Мен енді ресми түрде Төреғалидің продюсерімін. Жай ғана атақ емес – бұл үлкен жауапкершілік. Мен бұл жауапкершілікті қуана қабылдаймын. Себебі мен бұл жігіттің өнеріне, жүрегіне, болашағына сенемін".

Сондай-ақ, продюсер халықты оған тіл тигізбеуге шақырды. 

"Төреге тіл тигізетіндерге айтарым –Ала жіп аттамаңыз. Әр адамға екінші мүмкіндік берілуі керек. Біреуді табалау – оңай. Қолдау – қиын. Бірақ нағыз ерлік – сол. Біз мінсіз емеспіз.
Бірақ біз – шыншылмыз. Барлық сенген, қолдаған жандарға алғысым шексіз. Алда – жаңа әндер, жаңа жол, жаңа белестер. Бисмиллаһ деп, жаңаша бастаймыз.
Алға, Төре!", - деп жазды Жан Мұқанов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары