$ 519.51  611.83  6.6

«Енді тумаймын!»: Ерке Есмахан әзер шыдап жүргенін жеткізді

Үш ұлдың анасы атанған Еркеге оқырмандары "өзіңе ұқсаған бір қыз туып ал" деп кеңес берген. 

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі күндері қалай өтіп жатқанын айтып, оқырмандарының сауалына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Босанғаныма 20 күннен асты. Енді кішкене шыдасам болғаны. Бұйыртса, бірден қыдыруға шығамын деген жоспар бар. Бірақ үйде де бос жатқам жоқ. Күнде массаж, ағылшын сабағы және сериал. Үйдің үлкендері жан-жақта жүр. Ал кішкентай бала бағулы, қағулы қасымда", - деп жазды ол.

Үш ұлдың анасы атанған Еркеге оқырмандары "өзіңе ұқсаған бір қыз туып ал" деп кеңес берген. 

"Менің енді қыз тумайтынымды қабылдап алаңсыз өмір сүріңіздерші. Үш ұлымызға Аллаға сансыз шүкір", - деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 4
Күлкілі 8
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары