28.06.2025, 18:30

«Динараға ұқсаған, біздің әулетке арнап туғандай»: Сәкен Майғазиев келінін тағы да мақтады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Ол Әдия келінінің ата-анасы осы әулетке арнап туғандай деп, енесі мен келінінің ұқсастығына таңқалды.

Белгілі әнші ұлы Әділет пен келіні Әдияның тойында сөйлеген сөзін дүйім жұртқа жария етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Әдия келінінің ата-анасы осы әулетке арнап туғандай деп, енесі мен келінінің ұқсастығына таңқалды.

«Әдия қызымыз әжесіне де, анасына да ұқсамайды. Менің бір таң қалатыным — ол Динараға ұқсаған. Келініміз біздің әлетке арналып туылғандай. «Жүзі жылыдан түңілме» деген. Құдаларымызды көріп, өзіміздің әулетке ұқсастығын байқадым. Тәрбиеміз де, тәртібіміз де, ата-әжеден алған тәліміміз де бірдей екен. Құдалық кезінде де айттық: өте ризамыз! Алла Тағала осындай тәрбиелі, инабатты, көркем мінезді көрікті келінімізді біздің қолымызға қондырғандарыңызға алғысым шексіз», - деді Сәкен Майғазиев.