$ 518.34  607.18  6.62

«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ажырасу себебін ашып айтты

Айдар Тұрғамбек отбасындағы ажырасудың бірден бір себебі – желіге жұбайының сыйлығын жария етіп көрсету екенін жеткізді.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желіге отбасылық жеке сәттерді салуға аулақ болуды шақырды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айдар Тұрғамбек отбасындағы ажырасудың бірден бір себебі – желіге жұбайының сыйлығын жария етіп көрсету екенін жеткізді.

"Жігіттер өтініш.....әйелдеріңе гүл беріп жатырған сәтті интернетке салмаңдаршы. Қыз- келіншектер сіздерде гүл алып жатырған бақытты кездеріңді жарияға жарсалмаңдаршы. Қанша отбасы соны көріп күйеуіне ренжіп......жұрттың күйеуін қарашы әйеліне гүл беріп шетелде қыдыртып жүр. Бізде гүлде жоқ шетел де жоқ деп көп отбасында ұрыс керіс, арты ажырасу болып жатыр. Отбасын деген құпия болу керек қой!", - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары