$ 520.39  609.58  6.63

«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын»: Әнші Меруерт Түсіпбаева Заттыбекке өкпелі екенін айтты (ВИДЕО)

Қазақстан эстрадасында өзіндік орны бар әнші Меруерт Түсіпбаева белгілі композиторға шүйлікті. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Түсіпбаева композитор әрі орындаушы Заттыбек Көпбосынұлынан бірнеше жылдан бері ән ала алмай жүргенін айтып, әзіл-қалжың аралас шағымын білдірді деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Заттыбектен ән сұрағаныма 3 жылға жуықтады. Болмаса, облыс әкіміне үндеу жолдайтын шығармын. Президенттің өзі көмектесе алмады", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Меруерт Түсіпбаеваның жазбасын қалжың ретінде қабылдап, түрлі пікірлер білдірді.

"Бұл сұмдық қой! Заттыбектен ресми жауап күтеміз", "Қарапайым адам ғой, ешкіммен шаруасы жоқ", "Заттыбек, қазақтың ерке қызына ән беріңіз – нағыз мәрттік сол болар еді", "Шаш иіскесең, бәрі шешіледі ғой", – деген сияқты пікірлер легі астында қалдырылды.

Меруерт Түсіпбаеваның бұл жазбасы әзіл ретінде жарияланғанымен отандық шоу-бизнестегі әріптестік қарым-қатынас жайлы ой саларлық. Заттыбек Көпбосынұлы мен Меруерт Түсіпбаеваның арасындағы өнер жолындағы ықтимал серіктестік – көптің қызығушылығын туғызып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 11
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары