$ 519.51  611.83  6.6

«Өркөкірек емес, өте қарапайым»: Әуежайда иіліп сәлем салған Мақпал Жүнісова көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

Халқыма иілмегенде, кімге иілейін.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әуежайда халқына иіліп сәлем салған халық әртісі Мақпал Жүнісова көпшілікті сүйсінтті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қай жерде жүрсе де, Мақпал Жүнісова халқының алдында бас иіп, сәлем беруді ұмытпайтын ерекше қарапайымдылығымен ел жүрегінен орын алып келеді. Әншінің тыңдармандары өнер иесіне алғысын жаудырып, тілек айтты.

"Басқалар сияқты емес, үнемі халықты көкке көтереді. Сүйікті әншіміз. Жасай беріңіз, Мақпал апа", деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары