25.06.2025, 11:20

«Қазақтың санын біз көбейтпегенде кім көбейтеді?» – Жұлдыз Әбдікәрімова

Фото: желіден алынды

Жұлдызға қарап сәби сүйгісі келетіндердің қатары артқан.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова аяғы ауыр екенін жалпыға жария еткен соң көп әйелдің тілекші, қолдаушы болғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соның ішінде Жұлдызға қарап сәби сүйгісі келетіндердің қатары артса керек. "Сізге қарап туғымыз келіп кетті ғой" деген желі қолданушылардың сұрағанда актриса:

"Несі бар?!

Қазақтың санын көбейтіп, ел демографиясына үлесімізді біз қоспағанда кім қосады? Көздеріңді қыздырып әлі біраз жүрейін деп тұрмын ғой?!", – деп жауап берді.