Шетелдік әншінің қазақ тілінде ән шырқауы шынайы құрметтің белгісі екені анық байқалады.
Португалиялық Лара есімді әнші TikTok-тағы тыңдармандарды таңғалдырды: ол “Жүрегіңнің мұң жарасын бер маған”атты қазақ әнін орындап, тыңдармандарды баурап алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары: “Дауысы қандай әдемі”; “Осы қыз Қазыбек Құрайышпен айтқан ба еді?”; “Лара жарайсың” - деген пікірлер тарады. Лараның орындауы Қазақстан мен Португалия арасындағы музыкалық диалогты орнатқандай әсер қалдырды.
Шетелдік әншінің қазақ тілінде ән шырқауы шынайы құрметтің белгісі екені анық байқалады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: “Мәдениеттер мен ұлттар арасындағы диалог - тұрақтылық пен дамудың кілті”.