$ 521.57  601.01  6.65

«Байдан байға тиді, өмір – бумеранг»: Мөлдір Әуелбековадан жанкүйері кешірім сұрады

Ажырасу өлім емес!

Фото: instagram.com/auelbekovamoldir
Фото: instagram.com/auelbekovamoldir

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне келген тыңдарманының хатын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Хат келді: "Мөлдір ханым, сізді "байдан байға тиіп еще бала туып түсінбеймін осыны" - деп, әр фотоңызға пікір жазған кездерім болды. Өмір бумеранг дегенді енді түсініп тұрмын. Қызым екінші рет ажырасып үш баламен үйімде. Қатты қиналып отырмын. Кешірім сұраймын сізден. Мен білмей қалдым бұлай боларын!" -деп жазыпты бір Ханым. Ренішім жоқ. Ажырасу өлім емес! Алла жеңілдігін берсін!Біреудің тағдырына қол сұқпайық! Әрбір жасағанамыз бен айтқанымыз өз өмірімізге келмейінше өмірден өтпейміз. Сақ болайық», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары