19.06.2025, 11:40

«Жасыңа лайық тірлік жасашы»: Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен видеосын жүктеймін деп жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Әнші әлеуметтік желіде жұбайымен түскен видео жүктеді. 

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде әсерлі жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші әлеуметтік желіде жұбайымен түскен видео жүктеді. 

"Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр", - деді әнші Айгүл Иманбаева.

Алайда желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін ерсі деп бағалады.

"Жасыңа лайықты тірлік жасашы, жалғыз сен байға тисеңде", "Жасыңа қарап салсай салатын нәрсеңді, дардай ұлың бар ұят қайда?", "Ерсі көрініп тұрған сияқты. Ешкімге көрсетпей-ақ бақытты болуға болады ғой", "Неге өздерің құшақтасып отыра бермейсіңдер, бәріне көрсетпей", - деп жазды.