19.06.2025, 06:30

«Димаштың анасы берген сыйдан кейін...»: Ұзақ жылдар сәбилі болмаған жұлдызды жұп көпбалалы болған (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Өнерлі отбасы Света мен Қанат Айтбаевтардың қызы Раушанның кіндік әке-шешесі.

Қазақ сахнасындағы жұлдызды жұп Мирас пен Құралай отбасылық өмірде басынан өткен сынақ жайлы айтып, жастарға ақыл айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнерлі отбасы Света мен Қанат Айтбаевтардың қызы Раушанның кіндік әке-шешесі.

Айтуынша, бұл кездейсоқтық емес. Отбасын құрған жас жұп ұзақ жылдар бойы балалы бола алмаған. Дәрігерлер тіпті "ешқашан балалы бола алмайсыздар" деген диагноз қойған. Алайда, үміт үзбеген. 

Осылайша отбасылық достары Қанат пен Света Айтбаевтар Димаштан кейін қызды болып, Раушанның иткөйлегін сыйға берген.

"Ырымшыл халықпыз ғой. Светаның берген ерекше сыйынан кейін, Құдайға шүкір 4 баламыз дүниеге келді", - дейді.