15.06.2025, 17:30

Қобыздың үнімен жасалған хит: Қазақ қызы әлемдік әнді орындап, елді таңқалдырды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Пікір қалдырушылар тарапынан мақтау жауып жатыр.

Қазақ орындаушысы @guzeelimm жастарға белгілі “Mask Off” трегіне қобыздың ерекше даусымен жаңа өмір сыйлап, желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Пікір қалдырушылар тарапынан мақтау жауып жатыр:

“Оригиналдан керемет ғой”; “Әдемілеп үйлестіріп жіберіпсің”; “Мына ән әлемге хит болуы керек!”, - деп жазды оқырмандар. Қобыз – халқымыздың көне музыкалық мұрасы. Оның заманауи әндермен үндесуі ұлттық өнерімізді жаһанға таныту керектігінің белгісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениетімізді дәріптеу - басым бағыттардың бірі екенін жиі айтып келеді. Осындай креатив жобалар сол мақсатқа нақты үлес қосуда.