14.06.2025, 17:30

«Осыған дейін үнсіз жүрдім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ашық образы үшін өзін сынағандарды орнына қойды

Коллаж: sn.kz

Осы ғажап күйімді босқа өткізіп алғым жоқ.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасмына жаңа образдағы фотоларын жүктеп, хейтке ұшыраған еді. Алайда актриса бқл әлі басы екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында ғана бесінші сәбиіне аяғы ауыр екенін сүйіншілеген Қайрат Нұртастың жары, актриса тағы да жаңа образымен суреттер жүктеп, сынға қалды. 

Көпшілік өнер иесінің бұл "ашық" образын қабылдай алмай, түрлі пікірлер жазған еді. 

Ал Әбдікәрімованың өзі болса, оқырман сынына қарамастан әлі де көп суретке түсетінін айтты. 

"Осы жүктілігімде өте-мөте көп фотосессия түсіремін, бұйырса. Өйткені осыған дейінгілерде тығылып үнсіз жүрдім. Ал қазір кешіріп қойыңыздар! Осы ғажап күйімді босқа өткізіп алғым жоқ", - деді актриса.