14.06.2025, 11:30

«Емізулі Ерке күтеді»: Ерке Есмахан Сәкен Майғазиевке сәлем жолдады

Коллаж: sn.kz

Ал Сәкен Майғазиев болса жаңа босанған ананы құттықтап, өз алғысын айтты.

11-маусым күні үшінші сәбиін дүниеге әкелген Ерке Есмахан Майғазиевтер әулетіндегі тойға бара алмағанын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"10 маусымнан әлсін-әлсін толғақ басталды. 11-і күні кешке перзентханаға кеттік. Сағат 19:48-де Райымбекұлы Батыр дүниеге келді. Әкесі қуанышты хабармен сүйіншілетті. Қазір Аллаға шүкір барлығы жақсы", - деп жазды әнші. 

Бұдан бөлек, Сәкен Майғазиевтің тұңғышының тойын онлайн тамашалағанын да айтып, өнер иесінен сарқыт күтіп жатқанын жеткізді. 

"Сәкен аға - Динара жеңге, тойдан сарқыт күтеді емізулі Ерке", - деді ол. 

Ал Сәкен Майғазиев болса жаңа босанған ананы құттықтап, өз алғысын айтты.