13.06.2025, 17:40

«Жеңілдегеніме күйеуім мәз»: Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі сезімімен бөлісті

Фото: коллаж Sn.kz

Құттықтаулар толастар емес.

Күні кеше үшінші ұлын дүниеге әкелген белгілі әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құттықтап ақ тілек батасын аямай жаудырып жатқан тума-туыс, аға-әпке, дос-әріптес, бүкіл қазақ халқына алғысым шексіз. Әр шаңыраққа Алла бақыт пен берекені үйіп-төгіп берсін. Үйлеріңіз сәбидің күлкісіне толсын», деп жазды әнші.

Сондай-ақ, өнер иесі босанғаннан кейінгі сезімімен бөлісті.

«Менің жеңілдеп, кайф боп жатқанымды күйеуім суретке түсіріп мәз», деді ол.