13.06.2025, 16:30

Ақысы бар, сапасы жоқ: Астана – Павлодар трассасы опырылып түсті

Фото: видеодан скриншот

Кадрлардан бетон қабатының көтеріліп, жарылғаны анық байқалады.

Әлеуметтік желіде Астана мен Павлодар арасындағы ақылы жолдың опырылып кеткені туралы видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан бетон қабатының көтеріліп, жарылғаны анық байқалады. Апат жолдың 118-шақырымында тіркелген.

Жауапты мекемелер бұған ауа температурасының күрт көтерілуі себеп болды деп отыр.

Сала мамандарының айтуынша, қызған ауа мен ылғал жол қабатын ішінен көтеріп жіберген.

Қазір көлік қозғалысы уақытша шектеліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, жағдай толық тексерілмек.

Жүргізушілер сапасыз жолға шағым айтып, ақылы трассаға төленетін қаржының қайда кетіп жатқанына күмән келтіруде.