$ 512.1  583.64  6.5

«Жүрегім жылып, көңілім босап кетті»: Блогер Фариза Төреәлі отбасы туралы әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

Блогер бақыт туралы ой толғап, анасының сөздерін мысалға келтірді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Жақында ғана Астана төрінде қосыс той жасаған Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі отбасылық фотоларын жүктеп, әсерлі жазба жариялалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Блогер бақыт туралы ой толғап, анасының сөздерін мысалға келтірді.

"Бақыт деген.. осы бір сәттер.Өмірдің өзі тек сәттерден тұрады. Әсіресе жаныңа жақын жандармен өткізген уақыт - мәңгі жүрегіңде қалады. Сондай жылы. Көңілің тоқ. Анашыма қарасам терезеге қарап отыр екен бір кезде. Бұрылып жүгіріп ойнап жүрген немерелеріне қарап қояды. “Үш балам жанымда, үш баламның балапандары ойнап жүр, нағыз бақыт осы ғой, міне” дейді. Жүрегім жылып, көңілім босап кетті. Рас, бас қосқан сәттер - шын бақыт. Бағалау керек, қуана алу керек. Бауырларым аман жүрсе, тек бақытты болса, қадамдары оң болса, жолдары тек ашық болса деп тілеймін. Қатты жақсы көремін, естелік болып қалсын жылы суреттер", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары