29.05.2025, 06:30

«Әлі күнге дейін өкінемін»: Актер Алмат Сақатов өзінің жасаған ұрлығы туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: желіден алынды

Бұл туралы Сақатов ТикТок парақшасында бөлісті.

Танымал актер Алмат Сақатов өмірінде жасаған бір ұрлығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.Бұл туралы Сақатов өзінің ТикТок парақшасында баяндады.

Бұл туралы Сақатов ТикТок парақшасында бөлісті.

“Ештеңе ұрламаңдар, өкінесіңдер. Біреу жазыпты, 30 жыл бойы біреулер де ұрлады ғой депті. Мен өмірімде бір-ақ рет ұрлық жасадым. Сол ұрлығым үшін әлі күнге дейін өкініп келемін. Бір-ақ рет ұрладым! Қандай ұрлық жасадың дейсіздер ме? Әйелімді ұрлаған едім…”, – дейді.

 Желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынға алды.

"Алжи бастадың ба", "Жеңгем ренжиді ғой", "Бастысы елдің уақытын ұрлама", "Сен мысал айтпай-ақ қойшы", - деп жазды.