Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина тойдан келіп те күйеуі Қыдырәліге ас дайындап беретінін айтып мақтанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы turkystan.kz сілтеме жасап.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода Қарақат Әбілдина аста-төк тойға барып келсе де, күйеуі Қыдырәлі тамақ сұрағанын айтады.
"Шынайы өмірдегі сәттерден де салып қояйыншы дедім. Қазір ғана тойдан келдік. Той болғанда қандай той шіркін! Жаңаарқаның бес елі қазысы мен телшігі , бал қымызы Ботақан апамның берекелі дастарханы сөз жоқ керемет болды. Бірақ біздің үйдің отағасы осылай міні , қонақтан келе салып тамақ сұрайды. Үнемі осылай ғой. Сіздерде де солай ма?", - деді Қарақат Әбілдина.
Желі қолданушылары өздерінің да дәл осылай дайындайтынын жасырмады. Қайрат Нұртастың анасы да бұл видеоға пікір білдірді.
"Бізде де тура осылай шынайы өмірде. Тойда Нүрекең түк жемей отырады да үйге келе сала шыж-быж жасап жібер деп шәй ішеміз", - деді Гүлзира Айдарбекова. Ал Тоқтар Серіковтың әйелі: "Бізде бар. Үнемі тойдан келе салып шәәәй деп бастайды". "Ас болсын, аға!", - деп жазды желі қолданушылары.