23.05.2025, 18:00

«Raim-мен жақсы араластық»: Блогер Aii күйеуімен қалай танысқанын айтып берді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол “Мамский подкастта” айтып берді. 

Танымал блогер Aii күйеуі Әділмен Ерке Есмаханның жолдасы Райм таныстырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол “Мамский подкастта” айтып берді. 

“Райммен жақсы араластық. Райм мен Садр дуэт жаздырып, концертте орындайды. Сол концертке мен де барамын. Әділ де концертке барыпты. Бір кезде Райм сахнадан түсіп келе жатып, “Мынау – Әділ, танысып қойыңдар” деді. Ол жерде ешқандай сөйлеспедік. Кейін араласа бастадық. Әділ маған мүлдем ұнаған жоқ. “Менің болашақ жарым” деп ойлаған емеспін. Жеке нөмеріме хабарласып, жаза бастады. Солай араласып кеттік”, – деді желі жұлдызы.

Сонымен қатар желі жұлдызы Ыстамбұлда қыдырып жүргенде романтикалық оқиға болғанын, күйеуі Әділдің үйленуге ұсынысты қалай жасағанын айтты.

“Ыстамбұлға қыдырып бардық. Бір кезде Әділ “Кемеге мінейік” деді. Менің мінгім келген жоқ. Бірақ ол көндірді. Сөйтіп, теңізге шықтық. Бір кезде теңіздің ортасына жеткенде кемені тоқтатып, маған сақинасын көрсетті. Сол кезде бірден “Ешкім бізді түсіріп тұрған жоқ, Instagram-ға не саламын?!” деген ой келді. Бұл сөзімді контент жасап жүрген блогерлер түсінеді. Бірақ қарапайым адамдар жасандылық деп түсінуі мүмкін. Камерасыз жасалған ұсыныс өте шынайы шықты. Әділ де көп назар аударғанды ұнатпайды. Ертеңіне бәрін өзім ұйымдастырып, екінші рет ұсыныс жасады. Ол кез де өте ерекше болды. Әлеуметтік желіге де сол видеоны салдық”, – деді блогер.

 

Тегтер: блогер танысу