$ 513.74  569.17  6.33

«Туфлиіңді шеш»: Мақпал Жүнісова өнердегі сіңілісіне бұйыра сөйледі (ВИДЕО)

Мақпал Жүнісованың бұл айтқанын елеусіз қалдырмаған Гүлнұр Оразымбетова аяғындағы биік өкшелі аяқкиімін шешетінін айтты. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әнші Мақпал Жүнісованың Гүлнұр Оразымбетоваға айтқан сөзі желіні шулатты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видео кадрларынан Жүнісованың артынан ерген Оразымбетоваға бұйырып сөйлегенін байқауға болады. 

«Туфлиіңді шешші, биік болып кетіпсің», – деді ол. 

Мақпал Жүнісованың бұл айтқанын елеусіз қалдырмаған Гүлнұр Оразымбетова аяғындағы биік өкшелі аяқкиімін шешетінін айтты. 

«Мақпал апайым еркелетіп тұрады. Қазақ сахнасының аңыздарымен бірге жүргеніме қуаныштымын», – деп жазды. 

Желі қолданушылары өнер иелерінің бұл қарым-қатынасына риза болып, түрлі пікір жазды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 46
Ұнамайды 4
Күлкілі 7
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары