10.05.2025, 15:30

«Немерелерім мені танымайды»: Айсәуле Бақытбек анасы Баян Алагөзоваға пранк жасады (ВИДЕО)

Фото: желіден алынды

Баян Алагөзова немере жиендеріне қараудан үзілді-кесілді бас тартты.

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбектің балаларына қараудан бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айсәуле Бақытбек анасына пранк жасады. Ол отбасылық әңгіменің үзіндісін Instagram парақшасында жариялады. Онда Айсәуле «кешті достарыммен бірге өткізейін деп едім, үш баламды қарай тұрыңызшы» деп өтініш айтады.  Алайда Баян Алагөзова бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық білдірген.

"Ақыл-есің дұрыс па, қызым? Олар ұйықтамайды, айғайлайды. Бұл үйді білмейді ғой. Мені де танымайды. Жоқ, жоқ, жоқ", - деген Алагөзова ондай жауапкершілікті мойнына алмайтынын айтты.