Әсел Асқар елордаға тек тұсаукесер үшін ғана емес, қосымша жаңа жобалар үшін де келгенін жасырмады.
Танымал блогер, актриса Әсел Асқар елордаға келіп, жаңа бағыттағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы ол журналист Мира Ахмадиға берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, Астанада қаңтар айында түсірілген жаңа фильмнің тұсаукесері өткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Иә, біз қаңтар айында түсірген фильмнің тұсаукесерін өткіздік», – деді ол.
Әсел Асқар елордаға тек тұсаукесер үшін ғана емес, қосымша жаңа жобалар үшін де келгенін жасырмады. Оның айтуынша, Астана – шығармашылық үшін ашық және қолайлы орта.
«Астанаға тағы бір себеппен келдім, оны сәл кейінірек айтамын. Жалпы, біраз уақыт осында жұмыс істеп көргім келеді. Өйткені, Астананың нарығы ашық әрі жақсы», – деп атап өтті ол.
Сұхбат барысында актриса соңғы үш жыл бойы шығармашылық ізденісте жүргенін айтып, кез келген ұсынысты қарастыруға дайын екенін жеткізді.
«Шынымды айтсам, мен қазір жобаларға аш жүрмін. Соңғы үш жыл бойы жобаларға қатты бір талап қоймаймын. Ұсыныс болса, бәріне қатысуға дайынмын», – дейді ол.