28.04.2025, 16:00

«4 жыл бойы араласпай кеттік»: Блогер Ырысбала Икрамбайдан бөлесі кешірім сұрап, көлік сыйлады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Сағынғаным рас,бірақ сасық көкіректікке салдым".

Блогер Ырысбала Икрамбайға туған бөлесі белгілі блогер Мұса Бауыржан көлік сыйлап, кешірім сұрады, деп хабарлайды 

Мұндай сыйлықты күтпеген блогер жылап қалып, әсерлі жазбасымен бөлісті.

«Балалығымыз нағашы ата-апамыздың үйінде өткен Бөлем,әкелеріміз аталас туысқан — бауырым екеуміздің арамызға сөз түсіп біраз жылдар бойы хабарсыз жүрдік. Өкпеге жол беріп жүргенде 4 жылдан аса уақыт өтіп кетіпті. Мұса кеше аяқ астынан,күтпеген жерден әппақ гүлімен кіріп келді. Астындағы тұлпарын сыйлап аң-таң қылды. Қалай қабылдарымды білмей қалдым….Сағынғаным рас,бірақ сасық көкіректікке салдым. Сенде мені кешірші алғашқы қадам үшін рахмет! Алла жолыңды ақ қылсыншы! Мойыннан жүк түсті,жүрек жеңілдеді», — деп жазды блогер.