Мен оны қаланың жігіті, бизнесмен деп ойладым.
"Miss Kazakhstan – 2022" байқауының жеңімпазы Томирис Какимова ауылға келін болып түскенін көрсетті. Ұлттық байқаудың финалисі астанадан ауылға қоныс аударған. 2024 жылдың қазан айында бойжеткен келін атанған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Күйеуіммен танысқанда “Атым – Абиль” деді, негізі – Әбіл екен. Мен оны қаланың жігіті, бизнесмен деп ойладым. Таңертең смузидің орнына қымыз ішіп жүрмін. Убердің орнына әкесінің тракторы. Мен Нью-Йоркте тұруды армандасам да, батыс өңіріндегі осы ауыл ұнайды. Өзімді шын бақытты сезінемін. Мен Қазақстан аруымын, подиумға үйреніп қалдым. Ал қазір бауырсақ пісіріп жүрген келінмін ”, – деп жазды сұлулық байқауының жеңімпазы.