Әнші Instagram желісінде сұрақ-жауап айдарын ашып, оқырманынан келген сұраққа жауап берді.
Әнші Ерке Есмахан ерлер қауымынан сыйлық алу туралы оқырмандарының көкейінде жүрген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші Instagram желісінде сұрақ-жауап айдарын ашып, оқырманынан келген сұраққа жауап берді.
"Қыздар, расын айтқанда, еркекті үйретудің қажеті жоқ. Олар бәрін өздері-ақ біледі табиғаттан. Нені қалай жасау керегін.
Қолымнан келмейді, гүл сыйлай алмаймын, мен ондай еркек емеспін, ақшам жоқ деген нәрсе өтірік.
Сондықтан жарты жолға келгенде, үйт-бүйт дей алмайсыз-ау. Фокусты өзіңізге бұрыңыз, өзіңіз өсіңіз. Жақсы көрген адам темпіңізге ілеседі", - деп жазды Ерке Есмахан.