$ 512.32  582.92  6.29

«Сен біздің келінсің бе өзі»: Баян Мақсатқызы әнші Жарқынайға ыңғайсыз сұрақ қойды (ВИДЕО)

Жарқынай Ханайым Баян Мақсатқызының жиені Айдар Асқарбекке тұрмысқа шыққан еді.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Баян Мақсатқызы өзі жұлдызын жаққан Жарқынай Ханайымды ыңғайсыз жағдайға қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсер інісімен ажырасып кейін қайта қосылған Жарқынайға, сен біздің келінсің бе өзі, деп сұрақ қойды.

«Бұл біздің келініміз. Бірде келін, бірде келін емес. Әйтеуір, қазір келін. Бізге Армениядан сыйлық алып келді. Рақмет, Жарқынай. Бізді үнемі ойлайтының қуаныш сыйлайды. Бағым Мақсатқызына да әдемі сақина ала келіпті. Қалың қалай жақсы ма? Сен қазір біздің келінсің бе?», — деді продюсер қалжыңдап.

Әнші, актриса Жарқынай ұстазының бұл сөзіне ұялып, күліп қана құтылды.

Айта кетейік, Жарқынай Ханайым Баян Мақсатқызының жиені Айдар Асқарбекке тұрмысқа шыққан еді. Кейін қызғаныштың кесірінен жұлдызды жұп ажырасып, бүгінде қайта табысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары