23.04.2024, 17:40

Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

Фото: pavlodarnews.kz

Полиция тексеру жүргізуде.

Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты. Полиция тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 сәуірде Аққулы ауданындағы Омбы-Майқапшағай автожолында Шевролет Кобальт маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылды. 

Жол – көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылып, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.