Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өтіп жатқан әскери парадқа қатысуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазған.
 
                «Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай өтіп жатқан әскери парадты тамашалауда»,- деп жазған ол.